үй Қазақстан жаңалықтары Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа балы 76 балды құрады

Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа балы 76 балды құрады

28
0

336 Awrora

Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа балы 76 балды құрады

Қаңтар ҰБТ-сында тестілеуді 123 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың ішінде жоғары оқу орындарына шартты негізде қабылданғандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық тест тапсырушылардың 77% қазақ тілінде, 23% орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Қаңтар тестілеуіне ерекше оқу қажеттіліктері бар 274 бала қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Бес бала жоғары балл жинады» Руслан Емелбаев

Тестіленушілердің таңдауына келсек, 19,2%-ы математика-физика комбинациясын, 18,6% — биология-химия, шығармашылық ҰБТ-ны 10,2%, жаңадан қосылған математика-информатика комбинациясын 10% тапсырған.

Источник: dknews.kz