Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам — 1989 жылы туған азамат. «Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам — 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр», — деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері. Еске салайық, кеше, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты. Оның сөзінше, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан. Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






