үй Қазақстан жаңалықтары Ақтау тұрғындары ауруханадағы кезекке шағымданды ...

Ақтау тұрғындары ауруханадағы кезекке шағымданды Кеше, 12:22

35
0

Ақтау тұрғындары Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасындағы кезекке шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ақтау тұрғындары ауруханадағы кезекке шағымданды
                Кеше, 12:22

видео кадры

Ақтау тұрғындары Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасындағы кезекке шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Келушілердің айтуынша, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында күнделікті ұзын сонар кезек пен лық толы адам болады.

«Ауруханада жатқан туыстарымызға барған кезде әбігерге түсіп, кезекке тұруға мәжбүрміз. Күнделікті қабылдау уақытында кезек болады, аурухана күзетшісімен жанжалдасуға тура келеді, ол дөрекі және адамдарды кіргізбейді. Телефон арқылы да науқастар туралы мәлімет бермейді», — дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі дүрбелең мен кезек сағат 17:00-де басылатынын хабарлады.

«Ауруханадағы науқастарға келетін уақыт 16:00-ден 19:30-ға дейін. Адамдарды кезек күту тәртібімен кіргізеді. Дүрбелең сағат 17:00-де басылады, содан кейін қалған келушілер кезексіз және туыстарына еркін кіріп шығады», — деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі өкілдері.

Ауруханада науқастың жағдайын тәулік бойы телефон арқылы білуге ​​болатыны да айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz