үй Қазақстан жаңалықтары Ақтауда бөлім командирі жауынгерлік тумен қоштасты

Ақтауда бөлім командирі жауынгерлік тумен қоштасты

24
0

374 rob

Ақтауда бөлім командирі   жауынгерлік тумен қоштасты

Жауынгерлік тумен қоштасу — әрбір офицер үшін ерекше рәсім. Осындай іс – шара бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде өтті.

Бүгін 6656 әскери бөлімінің саптық алаңында, бөлім командирі полковник Рахпанов Марат Оралұлын жоғары лауазымға шығарып салу іс – шарасы өтті.

Ақтауда бөлім командирі   жауынгерлік тумен қоштасты

Іс – шараға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал – майор Жумагалиев Арман Максотұлы мен әскери бөлім ардагерлері және бөлім жеке құрамы қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында полковник Рахпанов Мараттың жоғарғы лауазымға ауысуы туралы бұйрық оқылып оның әскери жолы, басшы мен командир ретінде қалыптасуы, сондай – ақ әскери бөлімнің дамуы мен көркеюіне қосқан үлесі туралы айтылды.

Рахпанов Марат Оралұлы 2003 жыл Қазақстан Республикасының ҰҚК шекаралық қызмет Академиясын бітіргеннен кейін Петропавловск қаласындағы 6637 әскери бөлімінде взвод командирі, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары және рота командирі лауазымдарынан өтеді. Ал 2008 жылы қызметтік қажеттілікке байланысты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөліміне ауысып келіп, дене шынықтыру және спорт бастығы, жауынгерлік даярлық бөлімшесінің бастығы және батальон командирі лауазымдарында қызмет атқарады. Сондай – ақ 2013 – 2016 жылдар аралығында 6654 әскери бөлім командирінің орынбары лауазымында қызмет атқарады. Ал 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы болып оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 2018 жылы Жаңаөзен қаласының 5548 әскери бөлімінің командирі лауазымына тағайындалады. Арада бір жыл өткен соң 2019 жылы Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөліміне командир болып тағайындалып күні бүгінге дейін өзінің лауазымдық міндетін жоғарғы деңгейде атқарып келді. Сондай – ақ, осы тұста айта кететін жайт 2022 жылдың 20 қаңтарында жауынгерлік қызметтегі үздік көрсеткіштері үшін подполковник М. Рахпановқа полковник әскери шені берілген.

Іс — шара барысында сөз алған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал – майор Жумагалиев Арман Максотұлы полковник Марат Рахпановқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығында атқарған қызметіне алғысын білдіріп, жаңа қызметіне толағай табыстар тіледі.

Шара соңында полковник М. Рахпанов әскери рәсімге сай, әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасты. Бөлім командирін жаңа лауазымға шығарып салу іс-шарасы әскери бөлім жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталды.

Капитан, Ертуған Әубакир

Источник: dknews.kz