177 Awrora

Фотосурет: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Ақтау гарнизонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің әскери бөлімдері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы кубогына бақтарын сынап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үстел теннисінен турниріне жолдама алу және салауатты өмір салтын дәріптеу, спорттық даярлығын дамыту болып табылады.

Спорттық додаға Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалалары және Бейнеу ауылының әскери қызметшілерінен құралған бес команда, 40 астам әскери қызметші қатысты.
«390 теңіз жаяу әскерлері бригадасының спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 21 спартакиядасы шеңберінің аясында үстел теннисінен жарыс өткізілуде. Жарысқа қатысушылардың дайындығы өте мықты, қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуде. Алдағы уақытта жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үстел теннисінен турниріне дайындалып, жолдама алады және сол турнирден тек жақсы нәтижемен оралады деген ойдамын» 25744 әскери бөлімінің дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы Мерей Мұқатаев

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінің құрамасы, екінші орынды Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөлімінің құрамасы, үшінші орынды 41321 әскери бөлімінің құрамасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.
Источник: dknews.kz






