үй Қазақстан жаңалықтары Абай гарнизонының әскери қызметшілері шаңғымен жарысты

Абай гарнизонының әскери қызметшілері шаңғымен жарысты

24
0

329 rob

Абай гарнизонының әскери қызметшілері  шаңғымен жарысты

Абай гарнизонына  қарасты әскери бөлімдер шаңғымен жүру жарысында  бақ сынасты. Он команда кім мықтыны анықтаған дүбірлі дода Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналды.  Шараны ұйымдастырушы  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тартысты өткен ойын қорытындысы бойынша 44736  әскери бөлімі бірінші орынға ие болды. Жеңімпаз команда құрамы бес шақырымды небары 42 минутта еңсерді. Арнайы шараға қатысқан ауған соғысының ардагерлері  бес қаруын асынып жүгірген сайыс жеңімпаздарына  жылы лебізін білдіріп,  ұйымдастыру алқасына алғыстарын жаудырды.

Абай гарнизонының әскери қызметшілері  шаңғымен жарысты

— Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтауда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының атқарып жатқан ілкімді істері жетерлік. Тіпті қанды шайқаста, от пен оқтың арасында мерт болған жауынгерлердің ата-анасына да құрмет көрсетуде. Бүгінгі дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті.  Семейдегі ауған соғысы ардагерлерінің атынан ұйымдастырушы топқа рахметімді айтамын, дейді ауған соғысының ардагері Айқын Жаназаров. 

Абай гарнизонының әскери қызметшілері  шаңғымен жарысты

—  Біз бұл сайысқа тыңғылықты дайындалдық. Қарсыластарымыз да осал емес. Дегенмен «Шығыс» түраралық полигонда өтетін жауынгерлік даярлықтың әсерінен, бізге бұл дода аса ауырға соқпады. Біз бұл жеңісімізді ауған соғысының ардагерлеріне арнаймыз, — дейді 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау-шабуылдау ротасының аға маманы (аға барлаушы) кіші сержант Дастан Жакашев.

Источник: dknews.kz