үй Қазақстан жаңалықтары Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөз жүргізіп жатыр ...

Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөз жүргізіп жатыр Кеше, 14:39

98
0

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөз жүргізіп жатыр
                Кеше, 14:39

Фото:depositphotos.com

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

«Сапар барысында БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», — делінген хабарламада.

Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:

  • тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады;
  • мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді;
  • отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр;
  • қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.

«Өзара түсіністік туралы Меморандум трансұлттық қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға БАӘ Атқарушы кеңсесі мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz