142 Арман
Елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ SOS Балалар ауылының және әлеуметтік осал топтың балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Бағдарламаның бірінші бөлімінде кішкентай қонақтар үшін арнайы аквагрим ұйымдастырылды. Содан кейін балалар ертегі кейіпкерлерін тыңдап, шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, Аяз ата және Ақша қармен бірге көңіл көтерді.
Концерттік бағдарлама барлығының көңілінен шықты. Шара соңында ертеңгілікке қатысқан 50 бала Аяз ата мен Ақша қардың қолынан көптен күткен сыйлықтарын алды.
Источник: dknews.kz