үй Қазақстан жаңалықтары Қалалық ортаны жақсарту: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер жаңартылуда

Қалалық ортаны жақсарту: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер жаңартылуда

17
0

185 rob

Қалалық ортаны жақсарту: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер жаңартылуда

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінде мегаполистің Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарында 214 жаңа контейнер орнатылды.

Қалалық ортаны жақсарту: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер жаңартылуда

3 текше метрлік бұл контейнерлер қолдануға ыңғайлы, эстетикалық келбетке ие, кез келген климатқа бейімделген. Тығыз жабылатын қақпақтың арқасында жаңбыр мен қардың ішке енуі, қалдықтардың жинақталуы, жағымсыз иістің таралуы мүмкін емес. Ең бастысы, мұндай урналарға құстар мен жануарлар жоламайды.

Қалалық ортаны жақсарту: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер жаңартылуда

Еске салсақ, Алматыда тереңдетілген контейнерлер алғаш рет 2012 жылы орнатылды. Алғашқы үлгілер қорғаныш жабыны жоқ қара металдан жасалды. Ұзақ пайдалану салдарынан мұндай контейнерлер коррозияға ұшырады әрі жайсыз жағдайлардың болуы мүмкіндігін тудырды (ҚТҚ түсіру кезінде қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметкерлерінің жарақат алуы, аулалардың санитарлық жағдайының нашарлауы және т.б.) және оларды ауыстыру қажет болды.

Источник: dknews.kz