88 Awrora

Фотосурет: ortcom.kz
Ішкі істер органдары алдын алу шаралары кешенін күшейтіп, іске асыруда. Кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу жөніндегі жұмыс шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда барынша қатысуының әсерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда.
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Күн сайын қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылады. Олар көшелерді, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, қоғамдық орындарды қадағалайды» Қайсар Сұлтанбаев
Азаматтар көп жиналатын орындарда және криминогенді аудандарда тәулік бойы 193 модульдік полиция бекеті жұмыс істейді. Ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда визуалды бақылау орнатты.
Источник: dknews.kz






