үй Қазақстан жаңалықтары Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді ...

Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді Кеше, 09:21

142
0

Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл өткен түні Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі, — деп

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді
                Кеше, 09:21

Скриншот/Google Карта

Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл өткен түні Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сейсмикалық станциялар желісі 26 қаңтарда сағат 07:55-те Алматы уақытымен жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. MPV магнитудасы — 5,5», — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Қазақстанда алғашқы жер сілкінісі 01:21-де Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 297 шақырым жерде болды. 40 минуттан кейін алматылықтар 2 баллдық жер сілкінісін сезді. Магнитудасы 5,7 жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Біраз уақыттан кейін тағы бірнеше жер асты дүмпуі болды — сағат 03:11, 04:38, 06:17 және 07:14-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz