үй Қазақстан жаңалықтары Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

16
0

134 Арман

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

23 желтоқсанда Алматы облысының Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының Мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Шара барысында Ассамблея құрылымдарының жыл көлемінде атқарған жұмыстары қорытындыланып, «Ауылым – алтын қазынам» облыстық байқауының көрмесі аясында қатысушылар өз жұмыстарын қорғады. Сондай-ақ, «Алатау әуендері» концерттік ұйымы көрермендер назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынып, ән-жырдан шашу шашты.

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Салтанатты шарада Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Жакупов, ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары И.Юлдабаев қоғамдық тұрақтылық пен азаматтық бірегейлікті нығайту және этностар арасындағы мызғымас достықты насихаттауға үлес қосқан бірқатар азаматтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Мереке қуанышымен бөліскен Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпазы З.Маметова өздерінің ақжарма тілектерін арнады.

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Алматы облыстық ҚХА «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты іс-шара өткізді

Сахна төрінде облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директоры М.Илипов «Ауылым – алтын қазынам» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандарға түрлі дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар сертификаттарын табыстады.

Источник: dknews.kz