үй Қазақстан жаңалықтары Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

28
0

328 Awrora

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

2023 жылғы 29 қаңтар күні су тасқынынын алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округіне визуалды шолу-тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Визуалды шолу-тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында «Бәйменей» ағынының «Балқаш» көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алды. Нәтижесінде «Бәйменей» ағынынан бөлінетін Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін суару каналындағы су деңгейі көтерілгені анықталды, соның салдарынан Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі пайда болды. Аталған ауылдық округте  293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метрді құрайды. 

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

2023 жылғы 31 қаңтарда суару каналына тексеру жүргізілді, жұмыс учаскелері анықталды, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның күштері сусымалы бөгет салу және суару каналын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Осы жұмыстарға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, мердігер ұйымның 39 қызметкері мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта су басу қаупі ішінара жойылды. 

Источник: dknews.kz