үй Қазақстан жаңалықтары Алматы облысында өзен арнасынан асуы мүмкін екендігі ескертілді

Алматы облысында өзен арнасынан асуы мүмкін екендігі ескертілді

20
0


                Алматы облысында өзен арнасынан асуы мүмкін екендігі ескертілді

Фото: zakon.kz

Алматы облысы ТЖД «Қазгидромет» РМК-ның өңірде күннің күрт жылыну ықтималдылығы туралы болжамын негізге ала отырып, өңір азаматтарын ауа райының өзгеруін бақылауға алуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 12 ақпандағы дауылды ескертуінің негізінде 13-15 ақпанда Алматы облысында қардың бірден еруі, қызыл судың және беткейлік ағынның қалыптасуы, мұз күшінің әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, мұндай жағдайда өзеннің арнасынан асуы және су тасқыны болуы мүмкін»,- дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Дауылды ескертулер, басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болатыны да айтылады.

Источник: nege.kz