үй Қазақстан жаңалықтары Алматы облысының маңынан қару-жарақ табылды

Алматы облысының маңынан қару-жарақ табылды

16
0


                Алматы облысының маңынан қару-жарақ табылды

Фото: Polisia.kz

13 ақпан жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы-Өскемен автожолында, Арман ауылының маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлады Полиция. 

Алматы, NEGE. Полиэтилен пакеттің ішінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.

Источник: nege.kz