Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында бойжеткен Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз оңтүстік астанада. Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде қоңыр пальто, ақ орамал, қызыл жемпір болған. Қолында ұялы телефоны болған. «Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі — Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212. «Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, жоғалғанды табуға көмектессеңіз» , — деп жазған еріктілер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






