Алматыда сапасыз құрылыстарға қатысты 1 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Алматыда сапасыз құрылыстарға қатысты 1 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. «Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заңбұзушылықты анықтап, жол берілген заңбұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді. Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды», — делінген хабарламада. ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылған: «Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн», — деді әкімдіктегілер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






