үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін? ...

Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін? Кеше, 11:34

116
0

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін?
                Кеше, 11:34

Фото:depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар — MСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай қирауы 7 балдан басталады. Сондықтан, Алматыда жер жағдайын ескере отырып, жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады», — деді ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков Tengrinews.kz сұрағына жауап бере отырып.

Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

«2-3 балдан бастап — бұл ғимараттардың шамалы теңселуі, 4-5 балл — бұл сылақтың бүлінуі және басқа да зақымданулар. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимараттарымызды жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек», — деді Өзбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz