Қараша айы алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен қуантады. Қазгидромет айдың аяғына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, — деп
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Қараша айы алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен қуантады. Қазгидромет айдың аяғына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21-30 қарашаға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда ауа температурасы Цельсий бойынша 17 градусқа жетеді. Күндізгі ең төменгі температура +3 градус Цельсий болады. Алматыда қарашаның аяғына дейін жаңбыр жауады, ал қарашаның соңғы күні қар жаууы мүмкін. 23 қараша: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7 градус. 24 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, күндіз +5+7 градус жылы. 25 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, күндіз +8+10 градус. 26 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +11+13 градус жылы. 27 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +13+15 градус жылы. 28 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +13+15 градус. 29 қараша: бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +6+8 градус жылы. 30 қараша: бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, күндіз +3+5 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






