Алматыдағы полиция қызметкерлері жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Алматыдағы полиция қызметкерлері жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлардың авторларын анықтап жатқанын айтты. «Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — деп ескертті Полиция департаменті. Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды. Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «НТЦСН и И» сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






