Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Видеодан алынған кадр
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.
ТЖД өкілдерінің мәліметінше, сағат 10:13-те Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167 үй, 4-блок, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта асүй мен бөлмелері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz тілшісіне өрт оқиғасының куәгері жіберді.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да жойылды. Өрттің 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды», — деді ведомство өкілдері.
Газ және түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялады. Келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін жабдықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: kaz.tengrinews.kz



