үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда QI Trade қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды ...

Алматыда QI Trade қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды Кеше, 10:48

21
0

Алматыда сот QI Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары деп танылған 15 адамды cоттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Алматыда QI Trade қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды
                Кеше, 10:48

Алматыда сот QI Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары деп танылған 15 адамды cоттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

«»AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96 пайызға дейін пайда уәде етілген.

Соның салдарынан компания 6 миллиард теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірген», — делінген хабарламада.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдеді.

Нәтижесінде, Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

«Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz