Алматыны қар басып қалды. Синоптиктер мәліметінше, түнде қалада 19 сантиметр қар жауған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Алматыны қар басып қалды. Синоптиктер мәліметінше, түнде қалада 19 сантиметр қар жауған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2ГИС» қызметінің мәліметінше, Алматыда таңертеңнен бері 9-10 баллдық кептеліс байқалады. Қаланың негізгі көшелерінің көпшілігі «қызыл» түспен белігленген.
Карты «2ГИС»
Қар қаланың орталық көшелерінде көлік қозғалысын қиындатты.
Фото Tengrinews.kz©
Коммуналдық қызметтер таңертеңнен бері жолдарды тазалап жатыр, бірақ кейбір жаяу жүргіншілер жолы әлі тазартылмаған.
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©
Қала әкімдігі қар тазалау жұмыстарына тоқталды. Алматыда қар тазалауға мыңнан аса жол жұмысшысы мен 425 техника жұмылдырылғаны хабарланды.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 16 қаңтар сағат 22:30-дан 17 қаңтар таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматыда қалыңдығы 19 сантиметр қар жауды, қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 421 техника түнде жұмыс істеді, таңертеңнен бері 425 арнайы техника, оның ішінде 146 құм себетін және 1 143 жол жұмысшысы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: kaz.tengrinews.kz






