үй Қазақстан жаңалықтары Алматыдағы арнайы операция: интернет-алаяқтар тобы ұсталды ...

Алматыдағы арнайы операция: интернет-алаяқтар тобы ұсталды Кеше, 11:15

23
0

Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Алматыдағы арнайы операция: интернет-алаяқтар тобы ұсталды
                Кеше, 11:15

Фото:polisia.kz

Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Топ құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар.

«Осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқықбұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған алаяқтыққа қарсы республикалық Anti Fraud іс-шарасы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында төрт адамнан тұратын топ әшкереленді. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен. Толығырақ айтатын болсақ, ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банк шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесіне көмектескеніне сенімді болған», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

«Қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объектив тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz