Алматы прокуратурасы хостелдегі өртке қатысты тергеудің барысы туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Алматы прокуратурасы хостелдегі өртке қатысты тергеудің барысы туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2023 жылдың 30 қарашасында Almaty Hostel-де өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Сол күні бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. «Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен жалға алушы қамауға алынып, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объектив зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», — делінген қала прокурорының орынбасары Жандос Әбдібаевтың қолы қойылған Алматы прокуратура мәліметінде. Соталды тергеп-тексеру барысында қаза тапқан 13 адамның жеке басы анықталып, олардың денесі туыстарына берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






