Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: pixabay.com Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісінде 27 қаңтарда сағат 06.37-де Алматы уақытымен тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 40.97° С. Е. 78.43° ш. б. жату тереңдігі — бес километр. Сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілген жоқ. 26 қаңтарда осы ауданда бірнеше жер асты дүмпулері тіркелді-Алматы уақыты бойынша 16.00, 12.05, 11.40 және 10.36. Олардың магнитудасы 5 — тен аспады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






