үй Қазақстан жаңалықтары Алматының спорт залдарында ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

Алматының спорт залдарында ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

13
0


                Алматының спорт залдарында ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

Фото: ғаламтордан

Алматы полициясы спорт залдарында ұрлық жасап жүрген жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол тек спорт залдарында бөтеннің мүлкін ұрлауға маманданған.

– Келушінің атын жамылған жас жігіт мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, адамдар қалдырып кеткен құнды заттар мен ақшаны ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас алты эпизодқа қатыстылығын анықтады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Источник: nege.kz