үй Қазақстан жаңалықтары Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты

Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты

30
0

214 rob

Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Онда өткен жылдың қорытындылары шығарылып, 2023 жылға арналған міндеттер белгіленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әділет министрі Азамат Есқараев конституциялық реформаны іске асыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2022 жылы «ҚР Конституциялық Соты туралы», «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы»,«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және т. б. бірқатар маңызды заңдар қабылданғанын айтты.

Электрондық нотариат жүйесінің жаңа элементтері енгізілді және мұрагерлік іс жүргізуге, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда мүдделерді білдіруге, соттарда істер жүргізуге қатысты электрондық форматтағы сенімхаттардың 3 түрін беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Сонымен қатар зияткерлік меншік саласында маңызды заңнамалық түзетулер қабылданды.

169 мыңнан астам азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық.

Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты

Өз сөзінде Ғ. Қойшыбаев алдағы уақытта Әділет министрлігі қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының реформаларын толыққанды іске асыруды нормативтік қамтамасыз етуге басымдық беруі тиіс екенін атап өтті.

«Құқық үстемдігі қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құру заңнаманың жекелеген нормалары мен салаларын ғана емес, қолданыстағы құқықты қалыптастыруға деген көзқарасты да түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Сондай-ақ бұл заң шығару қызметін сауатты жоспарлауға және жүзеге асыруға да қатысты» Ғалымжан Қойшыбаев

Премьер-Министрдің орынбасары сот төрелігінің сапасын арттыру және қордаланған проблемаларды жою үшін Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін түзетудің маңыздылығын атап өтті. Яғни, бұл болмашы құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстардың жекелеген құрамдарын қылмыс деп танымауды, сондай-ақ қылмыстық істер қозғалған кезде заңнама нормаларының сақталуына бақылауды күшейту керектігін білдіреді. 

Сонымен қатар ол құқықтық актілер мен заң жобаларын дайындау сапасын арттыру, заң шығару қызметін жоспарлауды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ заңға тәуелді актілердің уақытылы қабылдануына баса көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды.

Мемлекеттік билік деңгейлері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету, артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау және атқарушы органдардың қызметін нақтылау бойынша заң шығарудың жаңа тәсілдерін іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Әділет министрлігі құқықтық регламенттеудің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ете отырып, модельдік заңнаманы қалыптастырудың «локомотивіне»  айналуы тиіс» Ғалымжан Қойшыбаев

Әділет министрлігіне «E-заңнама» ақпараттық жүйесі арқылы заң шығарудың цифрлық негізіне көшуге, сондай-ақ сот актілерін орындау, нотариаттық, адвокаттық және сот-сараптамалық қызмет және т. б. салаларда цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аудару тапсырылды.

Сонымен қатар әділет министрі мен оның орынбасарлары, шақырылған депутаттар мен сарапшылар өз сөздерінде айтқан, заң шығару жұмысын жетілдіруге, қабылданатын құқықтық актілердің сапасын арттыруға, құқықтық формализм мен бюрократиялық көзқарасты еңсеруге бағытталған нақты ұсыныстар талқыланып, қолдау тапты.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Источник: dknews.kz