үй Қазақстан жаңалықтары Қанатбек Сафинов заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Қанатбек Сафинов заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

67
0

213 rob

Қанатбек Сафинов заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қанатбек Сафинов заң қоғамдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Отырыста Сенат қызметі аясындағы заң шығару процесінің мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қанатбек Сафинов Парламентте пысықталып жатқан тиісті заң жобалары туралы айтып берді. Депутат сот жүйесін реформалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс топтарының отырыстары өтіп жатқанын да еске салды.

Депутат сала өкілдері айтқан проблемалық мәселелер туралы құлағдар болып, олардың кейбіреуін шешу сот реформасы аясында жүзеге асып жатқан жаңа заң жобаларында пакетінде қарастырылғанын айтты. Депутат жиналысқа қатысушылардан заң жобасын жетілдіру және жұмыс топтарының отырыстарында талқылау үшін сындарлы ұсыныстар күтетінін айтты.

Источник: dknews.kz