үй Қазақстан жаңалықтары Антикор өкіліне «ӨКМ операторы» мен Әлия Назарбаеваның байланысы туралы сұрақ қойылды ...

Антикор өкіліне «ӨКМ операторы» мен Әлия Назарбаеваның байланысы туралы сұрақ қойылды Кеше, 15:39

136
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукеновке Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторына" байланысы туралы сұрақ қойылды,

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Антикор өкіліне "ӨКМ операторы" мен Әлия Назарбаеваның байланысы туралы сұрақ қойылды
                Кеше, 15:39

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукеновке Әлия Назарбаеваның «ӨКМ операторына» байланысы туралы сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір Әлия Назарбаеваның жағдайы қалай? Ол 2016 жылы «ӨКМ Операторының» алғашқы құрылтайшысы болды. Сонымен қатар, іске қатысы бар тұлғалар мен куәгерлер ӨКМ компаниясын көрінбей кеткенге дейін Әлия Назарбаева бөгде тұлға арқылы басқарғанын айтты. Неге бұрынғы президенттің қызы бұл іске тартылмады, тіпті бүгінге дейін жауап алынбады», — деп сұрады журналистер Астанада өткен Антикор брифингінде.

«Мәселе мынада, сот бұл іске нүкте қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу барысында ұсынған барлық дәлел толық расталды. Бұл адамға келетін болсақ, мен жеке тұрғылықты жері туралы білмеймін. Сот процесі барысында айтылған сөздерге келетін болсақ, тергеу жүргізу кезінде тегі мен осы заңды тұлғаға қатысы аталмады», — деп жауап берді Арман Тілеукенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz