үй Қазақстан жаңалықтары Антикор құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен ақшалай...

Антикор құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтарды

12
0


                Антикор құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтарды

Фото: ғаламтордан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлады Антикор.

Алматы, NEGE. Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады.

Источник: nege.kz