үй Қазақстан жаңалықтары Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдып, тиіспек болған ер адамды ұстады ...

Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдып, тиіспек болған ер адамды ұстады Кеше, 09:38

20
0

Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдыған адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдып, тиіспек болған ер адамды ұстады
                Кеше, 09:38

Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдыған адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 23 қаңтарда алаңда тоғыз жастағы қыз және төрт жасар бала ойнаған. Сағат 19:00 шамасында үйіне қайтқанда, дүкеннен орта жастағы ер кісіні кездестірген.

«Ер кісі баланың есімін сұраған, содан кейін оның қолынан ұстап, жібермей, оны өзіне қарай тартқан. Екінші жағынан баланы әпкесі тартып жатыр. Балалар қашып үлгерді. Содан кейін олар тез арада ағылшын тілі орталығына қарай бет алып, ішке кірді. Ер адам олардың соңынан ерген. Ол бірінші қабатта тұрып, күтіп, баланың атын атаған. Осы кезде балалар екінші қабатқа көтеріліп, мұғалімге айтқан. Жанынан ересек адамдарды көргенде, ер кісі ғимараттан шығып кеткен», — делінген Instagram-дағы arkalyk.news жазбасында.

Арқалық полициясы ер кісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

«Қазір қала тұрғыны ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдай ювеналды полицейлердің бақылауында», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz