үй Қазақстан жаңалықтары Қарағанды облысында 20 мектеп жаңғыртылмақ

Қарағанды облысында 20 мектеп жаңғыртылмақ

11
0

420 Арман

Қарағанды облысында 20 мектеп жаңғыртылмақ

Қарағанды облысында келесі жылы 20 мектеп жаңғыртылуы тиіс. Кешенді жабдықтармен 72 физика, химия, биология, робототехника кабинеттері және STEM-орталықтар қамтылады. Бұл ескірген кабинеттердің үлесін 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте облыстың бас педагогы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

Ескірген кабинеттердің үлесі биыл 62%-дан 56%-ға дейін төмендеді. Ондай көрсеткішке 51 пәндік кабинет сатып алу арқылы қол жеткізілді. 2023 жылы тағы 72 кабинет сатып алу жоспарлануда, бұл ескірген кабинеттердің үлесін 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова

Қарағанды облысында 20 мектеп жаңғыртылмақ

«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту көзделген, оған материалдық-техникалық базаны нығайту, компьютерлік паркті жүйелі жаңарту, цифрлық технологияларды дамыту кіреді. Атап айтқанда, IT -, Coworking -, STEM-орталықтарын құру, кітапхана қорын басқару жүйесін орнату қарастыоылып отыр.

Сондай-ақ келесі жылы 10 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізіледі.

Саран қаласында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

Балаларды шалғайдағы елді мекендерден тасымалдау үшін қосымша сегіз автобус сатып алынады.

Облыста 2025 жылға дейін барлығы 22 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда.

Источник: dknews.kz