110 Арман
Қарағанды облысында жастарды қолдауға және олардың өз мақсаттарын жүзеге асыруына мүмкіндік беруге ерекше көңіл бөлінеді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен жастар мәселесі жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жыл қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары айқындалды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Осы саладағы өз жұмысының нәтижелері туралы жастар саясаты, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, сондай-ақ Теміртау және Қарқаралы ауданының әкімдері айтып берді.
Өңірде жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешені іске қосылды. Биыл NEET-жастарды жұмысқа орналастырудың стандартты емес әдісі енгізілді. Өңірдің ресурстық орталықтарымен бірлесіп автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жұмыссыз жастардың тізімі жасалды. Аулаларды аралау жүріп жатыр.
Жастар көп жиналатын орындарда жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар өткізетін мобильді топтар жұмыс істейді.
Биылғы бос орындар жәрмеңкелеріне алты мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде бір жарым мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.
«Бірінші жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жұмыс істейді.
Жастардың жұмыссыздық жағдайын тұрақтандыру үшін жас қарағандылықтарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі. Біздің облысымыздың жақсы үлгі ретіндегі жетістігі – QazТehna және КamaТyresKZ ірі өндірістік кәсіпорындары, онда 144 жас қарағандылықтар Татарстанда тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналастырылды. Деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова
Жастар шағын және орта бизнес саласына белсенді қатысады. Өз ісін оларға облыс басшысының және қалалар мен аудандар әкімдерінің гранттарының көмегімен бастауға мүмкіндік жасалған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті үйлестіру басқармасымен бірлесіп 2021–2025 жылдарға арналған жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жас кәсіпкерлер базасы қалыптастырылуда. Облыс, қалалар және аудандар әкімдерінің 2020-2022 жылдарға арналған грант иегерлерінің базасы құрылды. Барлығы 715 адам 637 млн теңгеге грант алды. Деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рауан Таран
Жазғы демалыс кезінде жастарды «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тарту дәстүрге айналды. Келесі жылы 2700-ден астам адам қамтылады.
Өткен жылдан бастап Jas fund жастардың зияткерлік және шығармашылық бастамаларын қаржылай қолдау қоры жұмыс істейді. 2022 жылы 20 жобаны іске асыруға 5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Олардың қатарында концерттер, көркемөнер көрмелері, заманауи би конкурстары, оқыту іс-шаралары, халықаралық музыкалық конкурсқа қатысу бар.
Отырыста балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмысы туралы да айтылды. Облыс бойынша 87 ҚДП ашылды. Олар тек балалар мен жасөспірімдердің даму орталығына айналып қана қоймай, ата-аналар мен аға буын өкілдері қызығушылықпен келетін орынға айналды.
Өңірдің қалалары мен аудандарында жастардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың назарында болуы тиіс, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Келесі отырыста бүгін көтерілген мәселелерді шешудің нақты жолдарын тыңдағым келеді. Жастар біздің қолдауымызды сезінуі керек. Ермағанбет Бөлекпаев
Источник: dknews.kz