451 Арман
Қарағанды облысының арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары үшінші жыл қатарынан экологиялық үгіт бригадаларының конкурсына қатысуда. Биылғы жылы іс-шара ЭкоМұражайда өтіп, «Өз мақсаттарыңды біл!” тақырыбына арналды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Қазақстан 193 мемлекеттің қатарында «Әлемімізді қайта құру». 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» жаһандық бағдарламасын ресми түрде қабылдады. Бұл 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорктегі БҰҰ-дағы жоғары деңгейдегі тұрақты даму кездесуінде болды. Үгіт-насихат бригадаларының байқауы белсенді қызмет түрлері, экологиялық дүниетаным мен өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру арқылы орнықты дамудың кейбір мақсаттары және міндеттерімен танысуға бағытталған. Дейді ЭкоМұражай қызметкері Мария Тюрющева
Байқауға қатысушылар өздері үшін әртүрлі мақсаттарды таңдады. Балалар қисынсыз тұтыну мен ластану салдарының барлық ауырлығы мен қауіптілігін көрсетті. Өз сөздерінде олар жауапсыз экологиялық мінез-құлықтың қайғылы нәтижелеріне назар аударуға тырысты.
«Ең бастысы, интернат мекемелерінің тәрбиеленушілері экологиялық, заманауи, салауатты өмір сүруге ұмтылады. Басқаларды да осыған шақырады» Деп атап өтті құрамында журналистер мен Қарағанды экологиялық ұйымдарының қызметкерлері бар қазылар алқасының мүшелері
Байқау қорытындысы бойынша Теміртау қаласының № 8 ОМ оқушылары өз тақырыптарын жақсы ашты. Балалар қалалардың дамуындағы бар проблемалар туралы да, оларды шешу үшін өздері не істейтіндері туралы да қызықты және жалынды әңгімелеп берді. Олар қайта өңдеу үшін қалдықтарды жинайды, бөлме өсімдіктерін өсіреді, ағаш отырғызуға қатысады. Олардан Шахтинск қаласының № 7 ММИ мен Қарағандының № 6 ММИ өкілдері артта қалып, тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болды.
Барлық қатысушылар «Мен және Жер» жастар журналының жаңа басылымдарын алды, ал жеңімпаздар мен оқытушылар – «ЭкоОбраз» ҚБ-тен шағын кәдесыйлар алды. Осыдан кейін ЭкоМұражай қызметкерлерінен экскурсия барысында облыстың және жалпы Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы көбірек мағлұмат алды.
Источник: dknews.kz