511 Арман
Қарағандылық 16 жастағы Әлихан Әбілдиннің кинодағы дебюті үлкен жетістікке айналды. Жасөспірім «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде Үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Биылғы жылы кинофестивальде алғаш рет ұлттық байқау өтті. Мұнда соңғы екі жылда түсірілген ең жақсы 15 фильм ұсынылды. Ұлттық байқау жүлделерінің бірі Әлихан Әбілдинге бұйырды. Жігіт Яна Скопинаның «Жаз жақында аяқталады» фильміндегі басты кейіпкерді сомдап, «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды.
Картина қазақстандық кинопрокатқа шықты.
Әлихан ешқашан кино туралы армандаған емес. Оның өмірдегі басты қызығушылығы – музыка. Қарағандыда музыка мектебін бітіріп, әрі қарай дамуды шешкен. Биыл ол Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті атанды.
Instagram-да «Жаз жақында аяқталады» фильмінің продюсері Еркежан Мақсұт маған хабарласты. Ол менің түрім сәйкес келетінін айтты және кастингке шақырды. Мен біраз уақыт ол ұсыныстан бас тартып келдім, өйткені менде актерлік тәжірибем жоқ. Сонымен қатар, мен әрқашан өзімді тек музыкант ретінде көрдім. Қазір барабаншы оқуын оқып жатырмын. Мені ата-анам мен ағам көндірді. Олар мұндай мүмкіндіктен бас тартпау керектігін айтты. Әлихан Әбілдин
Қарағандылық жасөспірім кастингтен оңай өтіп, түсірілім алаңындағы ең жас актер болып шықты. Ол кезде Әлихан 15 жаста еді. Бірақ сол кездің өзінде ол бұл қандай жауапты іс екенін түсінген және Баха есімді басты кейіпкері рөліне ену үшін барын салды. Түсірілім болған жаздың екі айында бастаушы киноактер жайлылық аймағынан шыққанын айтады.
Маған түнде жұмыс істеу қиын болды. Кейде түсірілім кешкі 11-ден таңғы 11-ге дейін болатын. Мен ұйықтағым келді, бірақ өзімді жеңдім. Рөлге де бірден үйренбедім. Фильм 80-ші жылдар туралы баяндайды. Ол кезде жастар да, өмірлік құндылықтар да басқаша болды. Мен өз кейіпкеріме мүлдем ұқсамаймын. Мен тұйық адам едім, достарым жоқтын. Түсірілімнен кейін керемет адамдармен дос болдым, олармен әлі де араласамыз. Сонымен қатар, кейде мен күнделікті өмірде Баха сияқты әрекет ететінімді байқаймын, анағұрлым ашықпын. Әлихан Әбілдин
Әлихан үшін түсірілімнің ең есте қалған эпизоды карантин болды. Фильмнің режиссері ковид жұқтырып алды. Екі апта бойы фильмнің бүкіл құрамы қонақүйлерге қамалды. Барлығы сауығып, түсірілім қайта басталғанда, қызықты идеялар пайда болды. Үзіліс барлық көріністерге жаңа көзқараспен қарауға көмектесті.
Фестивальде жеңіске жету жаңадан келген актер үшін де күтпеген тосын сый болды. Оның номинациясында танымал қазақстандық актерлер мәлімделді. Әлихан Асқар Ілиясов жеңетініне сенімді болған. Өзінің есімін естігенде, есеңгіреп қалғанын жеткізді.
Мен үшін кинофестивальде жеңіске жету – алға жасалған үлкен қадам. Ол маған биікке ұмтылуға және алға қойған мақсаттарыма жетуге көмектеседі. Мен кино актері болуды жоспарламаймын. Алайда егер түсірілім туралы ұсыныстар түссе, міндетті түрде қарастырамын. Бірақ өзімді музыкаға арнағым келеді, тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де танымал музыкант болғым келеді. Әлихан Әбілдин
Источник: dknews.kz