үй Қазақстан жаңалықтары Арина Алтухова Джакартада өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Арина Алтухова Джакартада өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды

11
0


                Арина Алтухова Джакартада өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Фото: prosports.kz

Сүйінші хабарды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жеткізді.

Алматы, NEGE. «Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты» деп жазды ол ФБ парақшасында.

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпайды жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғанын да атап өткім келеді» деді министр.

Источник: nege.kz