үй Қазақстан жаңалықтары ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

5
0

169 rob

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда алғаш рет ARTshort шығармашылық киножобасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онда телефонға түсірілген сегіз қысқаметражды фильм ұсынылды.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

Гран-приге «Тағы да шатырда» атты еңбегі үшін  Ақбаян Қайыр ие болды.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

18 жастағы Ақбаян Қайырдың айтуынша, бұл оның алғашқы фильмі.

– Мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде оқимын. Конкурсқа курстастарыммен бірге қатыстым. Фильмнің басты ойы – махаббат – бұл ешқандай кедергіні білмейтін ең үлкен сезім. Барлық бейнелер мен түсірілім орындары алдын-ала дайындалған. Қандай да бір ерекшелік болуы үшін шатырда түсіруді шештік. Біздің үмітіміз ақталды, – деп бөлісті жоба жеңімпазы Ақбаян Қайыр.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

Аяна Нұрмағамбетованың «Шектеусіз махаббат» 

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

және Ерасыл Сәпиевтің «Бесінші кезең» атты екі фильмі жоба лауреаттары атанды.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

«Үздік актер» номинациясында Әли Тілеухановтың «Армандар орындалады» қысқаметражды фильмінде ойнаған Рамазан Әмірханов марапатталды.

 

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

ARTshort киножобасының жеңімпаздарына ұйымдастырушылар мен демеушілердің сыйлықтары, сертификаттар мен дипломдар табысталды.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

Сондай-ақ, барлық қатысушылар алғыс хаттар алды.

ARTshort киножобасы: Қарағандыда үздік қысқаметражды фильм таңдалды

Конкурсты ұйымдастырушы – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатры.

Источник: dknews.kz