үй Қазақстан жаңалықтары Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

77
0

175 rob

Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әр түрлі гарнизондардың әскери бөлімдерінде қолбасшылықтың, Қарулы күштер ардагерлерінің, жас сарбаздардың туыстары мен жақындарының қатысуымен салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бір айлық қызмет барысында олар жас жауынгер курсын игеріп, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындықтарынан өтті.

Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

Әскери бөлім командирлері, құрметті қонақтар мен ата-аналар әскерге шақырылушыларды маңызды оқиғамен құттықтады. Әскери ант берген Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының мерзімді қызметтегі сарбазы Жасұлан Бабаев өз әсерімен былайша бөлісті:

 – Бүгін ант беру рәсіміне ата-анам арнайы келді. Сол себепті бүгінгі күнді толқынысты болды деп айта аламын. Бір ай уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Енді біз өз Отанымыздың толыққанды қорғаушысымыз. Командирлеріміз бен ата-аналарымыздың сенімін ақтауға тырысамыз.

Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

Қонаев гарнизонындағы 62064 әскери бөлімінде Алматы және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 70 мерзімді қызметтің сарбазы Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Олар әскери бөлім саптық алаңында қоян-қолтық ұрыс элементтері мен саптық дайындық тәсілдерін көрсетті.

Қарулы күштердің сарбаздары ант береді

Ресми бөлімнен кейін әскери бөлім командирлері дәстүр бойынша сарбаз ата-аналарымен кездесіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ мерзімді қызмет сарбаздарының тұрмыс жағдайларымен таныстырды.

Источник: dknews.kz