Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға кіреберісте бақылау-өткізу бекеттерін орнатуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:akorda.kz Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға кіреберісте бақылау-өткізу бекеттерін орнатуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрден елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожиннің жолға блокбекет орнату туралы ұсынысына қалай қарайтыны сұралды. «Бізде еркін жүріп-тұрады. Астананы шектеу — бұл қажет емес деп ойлаймын. Бізде қанша адам (қалаға кіріп жатыр — еск.), жылдам бақылауға жеткілікті мүмкіндік бар. Ал қаланы жабудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын», — деп Ержан Сәденов сұраққа жауап берді. Министр полиция бақылау-өткізу бекеттері болмаса да тәртіпбұзушылар туралы хабардар екенін айтты: «Күш те, құралдар да бар». «Сондықтан, қажеттілік жоқ. Бұрын барлық жерде (блокбекет — еск.) болған, оларды алып тастадық. Негізгі магистральдарда ғана бар, ал қаланы жабудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ шекараларымызда тұр. Пандемия кезінде, төтенше жағдайларға, ол — әкімдіктің балансында», — деп қосты ІІМ басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz



