үй Қазақстан жаңалықтары Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

68
0

213 rob

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Орталық спорт клубының Алматы филиалының базасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметшілері арасында қоян-қолтық ұрыстан оқу-жаттығу жиындары өту үстінде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

Іріктеу жарыстарына еліміздің Қарулы күштерінің ең мықты деген 60 спортшысы қатысып жатыр. Олардың қатарында Әлем чемпиондары майор Вадим Федосеев, кіші сержанттар Әсел Анарбаева, Жандос Мадехиянов, Қарулы күштердің қызметкері Сара Рахмонова, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жүлдегерлері лейтенант Арман Ерменбет, сержант Бауыржан Сұлтанов, кіші сержант Еламан Қуатов, ефрейтор Аян Тұрсын бар. 45 спортшы турнирге жолдама алмақ.

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

– Жиындар Орталық спорт клубының командасын армиялық қоян-қолтық ұрыстан өтетін ТМД чемпионаты мен ҚР Қорғаныс министрінің кубогына арналған республикалық турнирге дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ең мықты деген спортшылар ел намысын қорғайтын болады, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушысы майор Жасұлан Мүсеркенов.

Астана қоян қолтық ұрыстың мықты жауынгерлерін қарсы алады

Айта кету керек, қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін республикалық турнир мен армиялық қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионаты 11-13 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Источник: dknews.kz