үй Қазақстан жаңалықтары Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

20
0

166 rob

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

«Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездестім. Кездесуіміз 5 сағаттан аса уақытқа созылды, ниет білдірген кез келген адам сұрақтарын қойды. Кездесуіміз тікелей эфир арқылы да көрсетілді.

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Негізгі проблемалардың бірі – апатты күйдегі тұрғын үйлерді бұзу. Қазіргі уақытта қалада мұндай 200-ден аса үй бар. Біз тізімді жаңартамыз, осылайша апатты үйлердің саны да артады. Оларды бұзу кестесін жасаймыз. Алдағы 3 жылда апатты, тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына арнап 2,5-3 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз.
Тағы бір маңызды мәселелердің бірі – инженерлік инфрақұрылым салу. Қалада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне арналған нысандар салып жатырмыз, олар қалаға жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр және т.б. бойынша қосымша күш береді.

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Сол сияқты әлеуметтік нысандар салуды жалғастырамыз: алдағы оқу жылында 13 мектеп саламыз, оның бір бөлігі Байқоңыр ауданында орналасады. Сондай-ақ жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй, медициналық орталықтар, спорт орталықтары және т.б. саламыз.

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Кездесу барысында тұрғын үй кешендерін жаңғырту, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар) абаттандыру, жолдар мен тротуарлар салу, жарықтандыру жүргізу, қосымша автобустарды іске қосу және т.б. проблемалар қозғалды. Көтерілген мәселелерді орындау бойынша кесте жасаймыз: олардың бір бөлігі биыл шешіледі, ал өзгелерін келесі жылға жоспарлаймыз.

Астана тұрғындары Жеңіс Қасымбекпен кездесуде не сұрады

Мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізетін боламыз, барлық аудандар мен елді мекендердің тұрғындарымен кездесеміз. Сонымен қатар апта сайын азаматтарды қабылдауды жалғастырамын», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: dknews.kz