үй Қазақстан жаңалықтары Астана әуежайы: жаңғыртуға дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады

Астана әуежайы: жаңғыртуға дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады

57
0

131 rob

Астана әуежайы: жаңғыртуға дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады

Фотосурет: Gov

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңарту мәселесіне қолдау көрсету мақсатында БАӘ-ден келген жобалық топпен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Terminals Holding бас директоры бастаған жобалық топ әуеайлақ жабындары, навигация, жер үсті қызметі, ұшу қауіпсіздігі жүйесі, сондай-ақ сауда және қаржы бағыттарына жауапты мамандар қатарынан құрылды.

Сапар аясында мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қазаэронавигацияның, сондай-ақ әуе компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді, онда жаңғырту кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, ішінара жабу кестесін келісу және басқа да аспектілер талқыланды.

Источник: dknews.kz