Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға белгісіз біреу мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы дерекке қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды. «Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», — делінген хабарламада. Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






