үй Қазақстан жаңалықтары Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады ...

Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады Кеше, 11:29

78
0

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты Астана Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша сақ болуға

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады
                Кеше, 11:29

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты Астана Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД мәліметінше, бір түнде елордада 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін және бүйірлік интервалдарды қатаң сақтаңыз. Көлік жүргізушілері кенеттен маневр жасаудан және көлікті тежеуден аулақ болуы керек, бұл қазіргі ауа райы жағдайында көлік тізгініне ие болмай қалу қаупіне әкелуі мүмкін», — деді ПД өкілдері.

Полицейлер жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақтық танытуы керек екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz