Астанада 10 шілде күні «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімі сағат 19:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда басталады. Бұл кеш отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік пен бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мерекеге айналмақ. Іс-шара барысында өзгеге үлгі болып, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген жанұялар құрметке бөленеді.
Кеш қонақтарына қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: kaz.kazlenta.kz






