Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап. «2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» 288 заңбұзушылықты анықтап, заңбұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді», — деп хабарлайды елорда әкімдігі. Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды. Әкімдік мәліметінше, Астана әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды: Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

