үй Қазақстан жаңалықтары Астаналықтар көлік тұрағы үшін қанша ақша төледі? ...

Астаналықтар көлік тұрағы үшін қанша ақша төледі? Кеше, 16:56

13
0

Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астаналықтар көлік тұрағы үшін қанша ақша төледі?
                Кеше, 16:56

Фото:facebook.com/astanapark.kz

Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2023 жылы ақылы автотұрақтарға төленген қаражат 201 миллион теңге, ал бүкіл кезең бойынша 450 миллион теңге болды. Астананың 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, елорданың көлік бағдарламасы жеке автокөлікті пайдалануды одан әрі төмендетуді және ақылы тұрақ орындарының санын ұлғайтуды көздейді», — деп хабарлады компания.

Бүгінде елордада 7300 ақылы автотұрақ бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісіміне сәйкес, елордада ақылы автотұрақтардың саны шектеулі, 10 мың орыннан аспайды. Автотұрақ орындарын әкімдік белгілейді.

Еске салайық, 1 қазаннан бастап сенбі, жексенбі және мереке күндері Астанада автотұрақтар ақылы болды. Автотұрақ құны сағатына 100 теңге.

Көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК, яғни 10 350 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz