127 Арман
Фотосурет: СР
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен азамат Ж. Теленұлы және азамат Д. Ерден орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне қылмыстық жауаптылықтан алшақтату үшін алдау және пара беруге итермелеу жолымен жәбірленушінің 35 мың АҚШ доллары мен 1 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: dknews.kz