үй Қазақстан жаңалықтары Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

135
0

462 rob

Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстық арнайы мектеп-интернатта өткен «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Мерекелік кеште облыс әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтап, әр балаға тәтті сыйлықтар үлестіріп, мекемеге интерактивті тақта тарту етті.

Құрметті балақайлар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздермен кездескеніме қатты қуаныштымын. Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін шырша тойына әп-әдемі боп киініп келіпсіздер. Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Серік Шәпкенов

Шара барысында Серік Шәпкенов ғимараттағы оқу кабинеттерін аралап, жұмысымен танысты.

Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Облыстық арнайы мектеп-интернатта есту және көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 144 бала білім алады. Олармен 3 логопед, 3 тифлопедагог, 3 сурдопедагог, 1 психолог және 56 мұғалім жұмыс істейді.

Атырау облысының әкімі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Бұдан кейін С. Шәпкенов арнаулы сәбилер үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Арнайы тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды үлестіріп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, бұл мекемеде түрлі қиын жағдайда қалған 22 тәрбиеленуші бар. Сонымен қатар, 10 сәби күндізгі бөлімде ем қабылдап жүр.

Источник: dknews.kz